Флорида тұрғыны лотереядан 800 млн доллар ұтып алды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Флорида штатында белгісіз азамат Mega Millions лотереясынан 800 миллион доллар көлеміндегі джекпотты жеңіп алды, деп хабарлайды БелТА .

Фото: pixabay.com

Бұл – биылғы ең ірі лотерея ұтысы және Mega Millions тарихындағы көлемі жағынан оныншы джекпот.

Жеңімпаздың жеке басы әзірге жарияланған жоқ. Ол ұтысты жыл сайын бөліп алу немесе салық салынғанға дейінгі 344,2 миллион доллар көлеміндегі біржолғы ақшалай төлемді таңдауға құқылы.

Басылымның мәліметінше, ірі джекпот иелерінің көпшілігі біржолғы төлемді таңдауды жөн көреді. Міндетті федералдық салық ұсталғаннан кейін олардың қолына шамамен 261,6 миллион доллар тиеді.

Mega Millions тарихындағы ең ірі джекпот 2023 жылдың тамыз айында ойнатылған болатын. Сол кезде Флорида штатындағы компания 1,62 миллиард доллар ұтып алған.

Айта кетейік, АҚШ-та жас жұбайлар той өткен соң ертесіне лотореядан 693 мың доллар ұтып алды.