Ол The Finest Family ұжымымен осыдан төрт жыл бұрын танысқан еді. Ол шақта отағасы Генри мен оның алты баласы Чикагода фургонды баспана етіп тіршілік кешіп жүрген. Ал Мейвезер болса, өнерлі балаларға танымал американдық шоуға қатысуға қаржылай көмек -10 мың доллар табыс етті, деп хабарлайды TMZ.
07:13, 23 Мамыр 2016
Флойд Мейвезер бишілер отбасына 10 мың доллар қаржылай көмек берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер көпбалалы отбасыдан шыққан бишілерге 10 мың доллар қайырымдылық көмек көрсетті.