FlyArystan Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына тікелей рейс ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейе түсті. 23 қыркүйектен бастап FlyArystan Алматы–Чунцин бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Фото: kzvesti.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

23 қыркүйекте қазақстандық «FlyArystan» әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері «Airbus A320neo» әуе кемелерімен орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. 

Бұған дейін Қытайдан Алматыға туристік пойыз тұрақты қатынай бастағанын жаздық.