Қытайдан Алматыға туристік пойыз тұрақты қатынай бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні «Қытай — Орталық Азия» екінші халықаралық туристік пойызы «Сиань — Алматы» бағыты бойынша Қазақстанға жол тартты. Бұл аталған бағыттың тұрақты қатынас режиміне жаңа кезеңге өткенін білдіреді.
Пойызда «Жібек жолы мәдениетінің көшпелі қонақ бөлмесі» ұйымдастырылған. Мұнда халықтық қолөнер және материалдық емес мәдени мұрамен танысу, ән мен би, тіпті дәстүрлі қытай медицинасын таныстыруды қамтитын интерактивті мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Еске сала кетейік, былтырғы жылдың мамыр айынан бастап Сиань – Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынай бастаған болатын.
Ал 1 маусым күні Алматы-2 теміржол вокзалына Қытайдан келген «Сиань-Алматы» бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойыз келіп жеткен еді.