Бүгіннен бастап Сиань – Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгіннен бастап Қытайдың қақ ортасындағы Сиань қаласынан Алматыға туристік пойыз қатынайтын болады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтты.

Бүгіннен бастап Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

— Бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Сиань–Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Бұл пойыз Қазақстан Республикасындағы Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылып отыр, - деді ол ОКҚ алаңында Туристік және халықаралық бағыттағы жолаушылар пойызы туралы баяндамасында. 

Бүгіннен бастап Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ комитет басшысы биыл да Алматыдан Бұхараға дейін туристік пойыз қатынайтынын айтты. 

Бүгіннен бастап Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

— 2024 жылғы қарашадан бастап Алматы–Түркістан–Ташкент–Самарқан–Бұхара бағыты бойынша «Jibek joly» және «Keruen Express» туристік пойыздары іске қосылды. Аталған пойыздар 2024 жылдың қараша айынан бастап 5 рет қатынады. Туристік агенттіктердің өтініштері бойынша бұл пойыздардың қатынауы әрі қарай жалғастырылады, - деп атап өтті. 

Бүгіннен бастап Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Одан бөлек Жәнібек Тайжанов ішкі бағытта 1 наурыздан бері Балқаш–Алматы бағыты бойынша тұрақты пойыз қатынап тұрғанын еске салды.

Бұған дейін биыл жазда Балқаштың курорттық аймағына Астана, Семей, Алматы қалалары және Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) 10 теміржол маршруты ұйымдастырылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар