Фотограф үкінің суда жүзген сәтін видеоға түсіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юта мен Аризона штаттары шекарасындағы Колорадо өзеніндегі қолдан жасалған Пауэлл көлі өзінің ғажайып табиғи-ландшафтық ерекшеліктермен туристерге кеңінен танымал.

Содан да болар, осындағы әдемі көріністерді тамашалауға келушілер  баршылық.

Ттылсым табиғаттың әсем көріністерін түсіріп жүрген  америкалық фотограф Деррик Зюк (Derrick Zuk) ерекше оқиға - үкінің суға жүзгенінің куәсі болды. Бір қызығы, үкі тар бұғаздың бойымен қанатын жайып жіберіп жүзген. Зюк құс құрғаққа шыққанша соңынан еріп отырған. Оған жағаға шыққан үкінің қанаты өзгеше ауыр көрінді.  

«Бұған таңқалудың қажеті жоқ», - дейді ғалымдар. Өйткені үкілерде суды бойына сіңірмейтін қасиет жоқ.  

Әдетте, құстар мұндай жағдайларға қауіп төнгенде жыртқыштардан құтылу үшін барады. Ал Пауэлл көліндегі үкі басқа себеппен жүзген. Орнитолог Джефф Ле Баронның пікірінше (Geoff LeBaron), бұл құс жақында ғана ұясын тастап шыққан. Ал  балапандарға тән нәрсе, олар қоршаған ортаны өз мүмкіндігіне қарай зерттегісі келеді.