Франция ойыншысы Антуан Гризманн өз елінің тарихында үздік пас беруші атанды
А.Гризманн Англиямен өткен ширек финалдық матчта екі рет нәтижелі пас берді.
Франция құрамасының жеңісімен аяқталған ойында Гризманн 17-минутта Орельен Чуамениге, екінші кезеңде Оливье Жируға (78-минут) пас берді. Командаластары мұны голға айналдырды.
Осылайша, А.Гризманн нәтижелі пас санын 28-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен ол Францияның атақты футболшылары Тьерри Анри мен Зинедин Зиданды (бұлардың екеуінде 26 пас) басып озды.
Биылғы біріншілікте Дидье Дешам жаттықтыратын франциялықтар әлем чемпионы атағын сәтті қорғап жатыр. Олар жартылай финалда 14 желтоқсанда Марокко құрамасымен жасыл алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Португалия жеңілгеннен кейін Криштиану Роналдудың көз жасына ерік бергенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Марокко қақпашысы Португалиямен матчтың үздік ойыншысы атанды.
Франция қақпашысы Уго Льорис өз елінің рекордын жаңартты.
Англияны ұтқан Франция ½ финалға шыққан соңғы команда болды.