Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан және Франция» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Францияның Қазақстандағы Елшісі Жан-Шарль Бертонэ мәлім етті.
«Келесі жыл - Франциядағы Қазақстан жылы. Елдеріміз арасындағы ықпалдастықтың тарихы 20 жылдан астам уақытты қамтиды. Алда тек мәдени салада ғана емес, сондай-ақ үлкен және ауқымды экономикалық жобалар бойынша ірі жоспарлар бар. Бүгінгі іс-шара және Лоран Фабиустың ағымдағы жылдың 1 наурызындағы сіздердің елдеріңізге сапары екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ауқымды және жақсы серпін береді деп ойлаймын», - деді Ж.Бертонэ.
Еске салайық, бүгін Астанада «Қазақстан-Франция» халықаралық көрмесі ашылды.