170-ке жуық рейс кейінге шегерілді. Көптеген ұшақтар өзге әуежайларға қонуға мәжбүр болды. Бұған қоса қалың түскен қар күре жолдардағы қозғалысты да бірнеше шақырымға тоқтатты. Жол-көлік оқиғалары да жиіледі.
Германияның коммунальдық қызметі табиғи апатпен күресті жалғастырып жатыр. Оларға бірнеше шақырым жолды қардан тазартуға тура келеді.