Кездесу барысында франциялық футболшылар белсенділік көрсетті. Африка құрлығыны өкілдері негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Осындай сәттердің бірінде марокколық қорғаушылар өзінің айып алаңында Франция шабуылшысы Килиан Мбаппені шалып жыққан еді. Бас төреші белгілеген пеналтиді орындауға оның өзі шықты. Шабуылшының тепкен добына африкалық қақпашы тойтарыс берді. Салдарынан Килиан Мбаппе биылғы әлем чемпионатындағы өзінің сегізінші голын соғудан тыс қалып қойды.
Екінші кезеңде де Франция көбірек шабуылдады. Ойынның 60-минутында Килиан Мбаппе гол соқса 66-минутта Усман Дембеле мергендік танытты.
Осылайша Франция құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама.
Топтық кезеңде Франция құрамасы J тобында барлық кездесуде жеңіске жетті. Олар Сенегалды 3:1, Иракты 3:0, Норвегияны 4:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Швецияны 3:0, 1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Ал Марокко С тобында Бразилиямен 1:1 есебімен тең түссе, Шотландияны 1:0, Гаитиді 4:2 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін 1/16 финалда Нидерланд (1:1, пенальтиден 3:2) және Канада (3:0) құрамаларынан басым түсті.
Екі құрама қазірге дейін 5 мәрте кездесті. Оның үшеуінде франциялық құрама басым түссе, екеуінде тең нәтиже тіркелді.
Сондай-ақ ¼ финалда Испания — Бельгия, Норвегия — Англия, Аргентина — Швейцария шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын тартысқа толы ойында Аргентина Мысырды жеңіп, ширек финалға шықты.