Франция БҰҰ-ның «екі мемлекет» декларациясына бірауыздан қолдау білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Франция Президенті Эммануэль Макрон Париждің БҰҰ-ның Палестина-Израиль жанжалын шешуде «екі мемлекет» принципіне қайта оралуға шақыратын қарарын қолдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ХАМАС қозғалысынан Газа секторында биліктен бас тарту талап етілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Фото: Анадолы

Қарарда «екі халық — екі мемлекет» қағидатына қайта оралу қажеттігі айтылған. Сондай-ақ, құжатта ХАМАС-тың Газа секторындағы басқаруын тоқтату талабы көрсетілген. 12 қыркүйекте бұл қарарды 142 ел қолдаса, 10 мемлекет қарсы болды, олардың қатарында — АҚШ пен Израиль. Тағы 12 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды.

Франция Президенті Эммануэль Макрон бұл мәселеге қатысты әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады:

— Біз бірге Таяу Шығыстағы бейбітшілікке апаратын қайтарымсыз жолды саламыз. Франция, Сауд Арабиясы және олардың серіктестері Нью-Йоркте жиналып, екі мемлекетті шешім арқылы бейбіт жоспарды іске асыруға тырысады. Басқа болашақ мүмкін: екі халық, екі мемлекет — Израиль мен Палестина — бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында қатар өмір сүре алады. Бұл — бәрімізге байланысты, — деді Э. Макрон.

Айта кетейік, бұл БҰҰ қарарын Қазақстан Республикасы да қолдап дауыс берді.