La Voix Du Nord басылымының пікірінше, мұндай тыйымдар елдің имиджін сақтау үшін қажет. Сондай-ақ қызмет кезінде ұялы телефондарды қарауға тыйым салынады.
«Бәріміз маңызды сәтті бастан өткеріп жатырмыз. Сыпайы болудан және күлімдеуден тартынбаңыз. Бүкіл әлем бізді бақылап отырады», - деді Джеральд Дарманен.
Сонымен қатар, 18 шілдеден бастап Парижде Олимпиаданың ашылу салтанатының антитеррорлық периметрі іске қосылатыны белгілі болды. Қауіпсіздік үшін ондаған мың полиция мен жеке күзетшілер жұмылдырылады.
Бұған дейін Олимпиада өткізуге қанша қаржы жұмсалатынын жазған едік.