«Айтпақшы, мен Президент мырзаны келер жылы Парижге келіп, бейбітшілік форумына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырдым», - деді Эммануэль Макрон Ақордадағы кеңейтілген құрамдағы кездесуде.
Мемлекет басшысы шақыруды қабылдайтынын айтты.
«Шақыруыңызға көп рақмет, ресми сапармен барамын. Қазақ мәдениетіне арналған үлкен көрме апарамыз деп ойлаймын. Бұл үлкен оқиға, өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Сізге көп рақмет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.
Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Макрон бұл сапар екіжақты серіктестік үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.
Қазақстан Президенті өз сөзінде Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Президент кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.
Эмманюэль Макрон қазақ мектептеріне француз тілін оқыту тәжірибесі қайта оралғаны маңызды екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанына тоқталды.
Франция Президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың франциялық үлгісі туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Франция президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордадағы кездесуі кезінде Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты.
Мемлекет басшыларының кездесуінен кейінгі қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін?
Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.