Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Францияда Конго Демократиялық Республикасындағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден Эбола вирусы анықталды болып шықты, деп хабарлайды Bild .

Фото: Bild

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқасты қатаң қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ауруханаға жеткізіп, оқшаулау бөліміне жатқызған. Клиниканың нақты орналасқан жері жарияланған жоқ. Қазір билік өкілдері науқаспен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Олар үш апталық карантиннен өтеді.

Қазіргі уақытта вирустың «Бундибуджио» штамы таралып жатыр. Оған қарсы әзірге вакцина да, арнайы емдеу тәсілі де жоқ. 

Ресми деректерге сәйкес, Конго елінде вирус жұқтырудың шамамен 1100 жағдайы расталған. Вирус жұқтыру мен өлім-жітім жағдайларының басым бөлігі қарулы қақтығыс жалғасып жатқан Итури провинциясында анықталған. Қазіргі таңда сырқаттан 280-ге жуық адам көз жұмды.

Вирус көршілес Уганда еліне де тараған. ДДҰ мәліметінше, онда Эбола вирусы 20 адамнан анықталып, екі адам қайтыс болған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен айда әлемдік БАҚ назарын аударған хантавирус індеті ресми түрде 2 шілдеде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.