Францияда полиция пышақпен шабуылдаған адамды атып тастады
23:00, 10 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Францияның батысындағы Лорьян коммунасында ер адам полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуылдаған. Тәртіп сақшылары атыс қаруын қолданды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
Шабуыл дүйсенбі күні таңа ата, полиция бет-әлпетін жасырған адамды тоқтатып, құжаттарын талап еткен кезде жасалған.
Ер адам полиция қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген. Тәртіп сақшылары қорғану үшін қару қолдануға мәжбүр болған. Шабуылдаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Әзірге шабуылдаушының кім екені және қандай мақсатпен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.
Осыған дейін соттың Францияның бұрынғы президенті Саркозиді түрмеден босатқаны туралы жаздық.