Бұл – әлемде алғаш рет болған жағдай. Ауыр иммун тапшылығы бар науқас қазан айының басынан бері Лион қаласындағы ауруханада емделіп, 22 қазанда қайтыс болған.
Қайтыс болар алдында науқаста ауыр неврологиялық асқынулар пайда болған. Франция Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала мәліметінше, олардың инфекциямен байланысты болуы әбден ықтимал. Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы вирустың өлімге тікелей себеп болған-болмағанын анықтап жатыр.
Болжам бойынша, ер адам Францияның шығысындағы өңірлердің бірінде ұсақ қан сорғыш жәндік – шіркей шаққаннан кейін жұқтырған. Бұл өңірде көктем мен жаз айларында жануарлардың вирус жұқтыру жағдайлары тіркелген.
Шамонда вирусы алғаш рет 1965 жылы Нигерияда анықталған. Ол негізінен сиыр мен ешкі сияқты ауыл шаруашылығы жануарларын зақымдайды. 2026 жылдың жазында вирус алғаш рет Германиядағы ірі қара малдан, кейін жылқылардан анықталды. Жануарлардың вирус жұқтыру жағдайлары Еуропаның басқа да бірқатар елінде тіркелген.
Айта кетелік Конгода басталған Эбола індеті тағы төрт елге тарады.