Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Нанси маңында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Бортта ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандем секіруін жасауы тиіс бес адам болған, деп хабарлайды Euronews.

Фото: Pexels

Жексенбі күні түстен кейін Нэнси маңындағы Томблен қаласының үстінен шағын туристік ұшақ апатқа ұшырады.

Соңғы хабарға сәйкес, бортта 11 адам болған: ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандем секіруін жасауы тиіс бес адам. L'Est Républicain газетінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бесеуі медицина қызметкері болған.

Ұшақ апатының себебі әлі белгісіз. Оқиға орнына құтқарушылар, медициналық топ және көптеген өрт сөндіру бригадалары жұмылдырылды. Мёрт және Мозель департаментінің префектісі Ив Сегю жағдайды нақты уақыт режимінде бақылау үшін барлық тиісті қызметтерді жинады.

Бұған дейін Сауд Арабиясында тікұшақ апатынан он төрт адам қаза тапқанын жазған едік.