Өрт ошақтарын сөндіруге ел билігі әскери-көлік авиациясын да жұмылдырған.
Қазіргі уақытта ең күрделі жағдай Жиронда және Ланд департаменттерінде сақталып отыр. Бұл өңірлердегі өрт әлі толық бақылауға алынған жоқ.
Жиронда департаментінде тілсіз жау шамамен 19 мың гектар орман алқабын шарпыды. Апат аймағынан 110 мың адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге мыңнан астам өрт сөндіруші мен ондаған ұшақ тартылған. Сондай-ақ билік Бордо қаласы мен Кап-Ферре курортындағы мыңдаған тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылдады.
Ланд департаментінде өрттің аумағы 2,6 мың гектарға жетті. Бұл өңірден 31 мың адам көшіріліп, тілсіз жаумен күреске 500-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Сонымен қатар Вар департаментіндегі Понтевес коммунасында да өрт әлі оқшауланған жоқ. Билік алдағы уақытта қосымша эвакуация жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Францияның Ішкі істер министрі Лоран Нюньес бұған дейін жыл басынан бері елде болған орман өрттері 50 мың гектардан астам аумақты жойғанын мәлімдеген еді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе жоғары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропадағы орман өрттерінің саны 2022 жылдан бері 57%-ға өскенін жаздық.