Фристайл-акробатика: Милан-2026 Олимпиадасында ел намысын кім қорғайтыны белгілі болды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді.

Қазір Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияға ие:

Биатлон — Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева

Конькимен жүгіру — Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко

Шорт-трек — Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан

Мәнерлеп сырғанау — Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина

Айта кетейік, Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында көш бастады.

Тау шаңғы спортынан Милан-2026 Олимпиадасының жолдама иегері Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса елді мекенінде өткен халықаралық жарыста чемпион атанды.