Фристайл-могул: Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолын аяқтады
17:14, 12 Ақпан 2026
ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында фристайл-могул бойынша алғашқы финалдық бәсекесі өтті.
Қазақстандық Павел Колмаков жарыс жолына 12-болып шығып, 75.70 ұпаймен 16-орыннан көрінді.
Ережеге сәйкес, финалдың алғашқы кезеңінде ТОП-8 спортшы ақтық сында Олимпиада жүлдесін сарапқа салады.
Айта кетерлігі, Павел Колмаков алғашқы іріктеу сатысында 76.24 ұпаймен финалдық кезеңге тікелей жолдама алған болатын.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық могулшы қыздар кеше финалдық кезеңде өнер көрсетіп, жүлдесіз қалған еді.
12 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.