Фристайлдан әлем кубогінің кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Финляндияның Рука қаласында фристайлдан әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл додада могул және фристайлдан сайыстар өтті.

Могул жарысында үш қазақстандық спортшы іріктеуден өтіп, алғашқы финалда өнер көрсетті. Төменде ұлттық құрама спортшыларының толық көрсеткіштері көрсетілген.

Фристайл – могул

- Павел Колмаков - 14-орын

- Максим Емельянов - 34-орын

- Антон Бондарев - 37-орын

- Анастасия Городко - 7-орын

- Аяулым Әмренова - 15-орын

- Юлия Галышева - 17-орын

- Юлия Феклистова - 29-орын

Фристайл - акробатика

- Асан Асылхан - 14-орын

- Шерзод Хаширбаев - 17-орын

- Дінмұхаммед Райымқұлов - 23-орын

- Роман Иванов - 24-орын

- Ұланбакір Өмірзақов - 26-орын

- Ардана Маханова - 28-орын

Айта кетейік, 18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде тағы бір үздік көрсеткішіне қол жеткізді.