Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады.
«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп «Панорама» шыңында құтқару лашығында табылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.
Қарағандылық құтқарушылар адасып кеткен әйелді аман-есен тапқан болатын.