Екі ер адам Фурманов шыңына (3053 м) көтеріліп бара жатқанда біреуі төмен қарай домалап кеткен, ал екіншісі борпылдақ жерде қалып, өз бетінше төмен түсе алмаған.
Сағат 12.02-де құтқарушылар оларға жетіп, босаң топырақта қалып қойған адамды тасымалдауға кірісті.
Сағат 13:58-де құтқарушылар операцияны аяқтап, туристі фельдшерлерге тапсырды.
2004 және 2005 жылы туған екі адам құтқарылды.
ТЖМ құтқарушылары тауға бір күндік сапарға шыққанда жеке жабдықтар керектігін еске салады.
Олар: ыңғайлы треккинг бәтеңке, серуендеуге арналған таяқшалар, міндетті түрде су, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер, тоқтауға арналған хоба (отыратын кілем), жылдың кез келген мезгілінде spf-крем.
«Отбасыңызға немесе жақындарыңызға жоспарланған маршрут пен қайту уақыты жөнінде ескертуді ұмытпаңыз» дейді құтқарушылар.