НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло «Ордабасыдан» ел чемпионы «Қайратқа» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайрат» футбол клубы мәлім еткендей, ойыншымен 1,5 жылға келісімшартқа қол қойылды.
Жоао Пауло да Силва Араужо 1988 жылы 2 маусымда Бразилияның Натал қаласында дүниеге келген. АБС футбол клубының түлегі.
Кәсіби жолын 2007 жылы бастап, Бразилия, Оңтүстік Корея және Болгарияның түрлі клубтарында доп тепті. 2019 жылдан бері шымкенттік «Ордабасыда» өнер көрсетіп келді.
Барлығы 314 матчта 101 гол соғып, 38 нәтижелі пас берді. Соның ішінде «Ордабасы» сапында 72 ойында 35 гол, 15 нәтижелі пастың авторы атанды, Биылғы маусымда шымкенттік команда құрамында 14 кездесуде алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 8 гол соқты, үш рет нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдың «Ақжайығы» «Ақтөбеге» есе жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).