НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев «Астанадан» кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана» футбол клубы мәлім еткендей, ойыншымен келісімшарт мерзімі бітті.
Командаға 2017 жылдың басында келген Роман «Астана» құрамында үш жылын өткізді. Осы мерзімде ол «Астанамен» бірге үш мәрте Қазақстан чемпиондығы мен суперкубокты ұтып алды. Сондай-ақ Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.
«Астана» футбол клубы Роман Муртазаевқа команда жеңісіне қосқан үлесі үшін алғысын айтып, спорттық жолын табыспен жалғастыруына тілектестігін білдірді.
Қазіргі кезде жаңа маусым алдында барлық командаларда ауыс-түйістер болып жатыр.
Ал премьер-лигада өнер көрсететін Көкшетаудың «Оқжетпесі» бас бапкер Андрей Карповичке тағы да сенім артып, еңбек шартын жалғастыратынын жария етті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Армениямен жолдастық кездесу өткізетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).