Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуін 28 наурыз күні сырт алаңда Люксембург құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы алғаш рет Ақтөбеде 2007 жылы Грузия жастар құрамасын қабылдады. Ал, өткен жылы біздің футболшылар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Англия және Норвегия құрамаларымен ойнады.