НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі ойынға дейін екі құраманың турнир кестесіндегі жағдайы бірдей болды. Екеуі 10 ұпаймен екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңгені екінші орынға көтерілетін.
Кездесу қазақстандық жастар үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңнің 38-минутында Солтүстік Македония ойыншысы Дарко Чурлинов есеп ашты. Ал 41-минутта Яни Атанасов есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңнің басында қонақтар сапынан Дарко Чурлинов өзінің кездесуде екінші голдың авторы атанды. Бұдан кейін қазақстандық құрамадан Оралхан Өміртаев 52-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді.
Ойынның 67-минутында қонақтар қатарынан Димитар Митровски мергендік танытты. Осылайша македон футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Қазақстан жастар құрамасы екі ойын өткізеді. Алдымен 13 қазанда сырт алаңда Испаниямен кездесіп, 17 қарашада Фарер аралдарын қабылдайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.