Финалдық ойын 11 ақпанда Кот-д’Ивуар елінің Абиджан қаласындағы ұлттық стадионда өткізілді.
Финалдық кездесу құрамалардың алма-кезек шабуылымен өрбіді.
Ойынның 38-минутында нигериялық Виллиам Трост-Эконг есеп ашты.
Екінші кезеңде Кот-д’Ивуар құрамасы екі гол соғып кетті. Олардың қатарынан Франк Кессье 62, Себастьен Аллер 81-минутта мергендік танытты.
Осылайша Кот-д’Ивуар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал 3-орын үшін сайыс 10 ақпанға белгіленген.
Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Содан бері Египет құрамасы чемпиондық атақты 7 мәрте жеңіп алды.
Сондай-ақ, Камерун - 5, Гана - 4, Нигерия - 3, Кот-д’Ивуар, Алжир, Конго Демокртаиялық Республикасы - 2, Замбия, Судан, Тунис, Сенегал, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Марокко, Конго - 1 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары жалауын көтереді.