Футболдағы қызықты сәт: Матчтың 14-секундындағы өзгеше гол

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония кубогы үшін болған 'Левадия' мен 'Пайде' командалары арасындағы 1/16 финалдық ойында ерекше жағдай болды.

Матчтың 14-секундында "Левадия" есеп ашты. Бір қызығы, осы уақытқа дейін таллиндік клуб ойыншыларының бірде-бірінің аяғы допқа тиген жоқ.

Матч қорытындысында "Левадия" 3:1 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.