НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі әлемдегі коронавирус дертінің жағдайына байланысты ресми түрде 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
UEFA шешімі оған мүше барлық ұлттық федерацияларға жіберілді. Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізу мерзімі UEFA ұйымдастырған еуропалық клубтар мен лига басшыларының қатысуымен өткен видеоконференцияда талқыланды.
Енді турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілде аралығында өткізіледі. Негізінде ол биыл 12 маусым-11 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын.
Бұдан бұрын футболдан Қазақстан біріншілігі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.