15:29, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Футболдан Қазақстан біріншілігінің ойындары кейінге шегерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының ел аумағында таралуының алдын алу мақсатында футболдан Қазақстан біріншілігі ойындарын өткізу кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР кәсіпқой футбол лигасынан мәлім еткендей, бұл шешім Премьер-лига, бірінші және екінші лига ойындарына қатысты.
Жаңа ойын кестесі кейін хабарланатын болады.
Ел біріншілігінің 3-туры 21 және 22 наурыз күндеріне белгіленген еді.
Бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді.