Испанияның белгілі басылымы AS-тің хабарлауынша, 23 жастағы әнші келісімін берген. Басылымның жорамалына қарағанда, ол әнұранды Пуэорто-Рико әншісі Бэд Баннимен бірге орындауы мүмкін. Жоспарға сәйкес, әнұран желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.
Малума - Латын Америкасының жарық жұлдызы. Оның El Perdedor әнінің бейнебаянын «Ютуб» видеохостингісінде миллиардтан астам адам қараған. Ал Шакирамен орындаған Chantaje атты дуэті 1,8 млрд-тан астам көрермен жинаған.