Ойын «Хард Рок Стэдиум» стадионында өтті.
«Пентакампеондар» сапында Винисиус дубль жасап, 7 және 45 3 минуттарда гол соқты. Ойынның 60-минутында Матеус Куньяның қақпаға бағыттаған добы мүлт кетпеді.
Осылайша, Бразилия құрамасы С тобында 7 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Шотландия құрамасы 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Матчқа халықаралық санаттағы мексикалық төреші Сесар Рамос қазылық етті.
Айта кетейік, Швейцария Канаданы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.