Швейцария Канаданы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Ванкуверде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турындағы матч аяқталды. Онда Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді.
Ойын «Би-Си Плэйс» стадионында өтті.
Есеп 46-минутта ашылды. Швейцария сапынан Рубен Варгас мергендік танытты. 57-минутта Йохан Манзамби швейцариялықтардың басымдығын еселей түсті. Ал канадалықтар 76-минутта Промис Дэвид соққан голдың арқасында есеп айырмасын қысқартқанымен, қарсыласты жеңе алмады.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Швейцария құрамасы 7 ұпай жинап, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Канада құрамасының еншісінде 4 ұпай қалды.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр.
Айта кетейік, Босния және Герцоговина алғашқы жеңісін тойлады.