Футболдан ӘЧ-2026: бүгін қай құрамалар ойын көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 15 маусым және 16 маусымға қараған түні төрт ойын өткізіледі.

Фото: championat.com

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада болады.

Ойындар күнтізбесі

Н тобы

15 маусым. 22:00. Испания - Кабо-Верде

16 маусым. 03::00. Сауд Арабиясы - Уругвай жасыл алаңға шығады.

G тобы

16 маусым. 00:00. Бельгия - Мысыр

16 маусым. 06:00-де Иран - Жаңа Зеландия

Еске сала кетейік, турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Өйткені алғаш рет топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Турнирді үш мемлекет қабылдағанымен, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтеді. Ал Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.

Айта кетсек, бұдан бұрын Кот-д'Ивуар Эквадорды доп додасын жеңіспен бастады.