Футболдан ӘЧ-2026: Гана 95-минутта Панаманы жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Гана 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің алғашқы ойынында Панамадан басым түсті, деп хабарлайды ФИФА.

Фото: FIFA

Торонтода өткен L тобындағы матч 1:0 есебімен африкалық құраманың пайдасына аяқталды.

Жалғыз гол қосымша уақытта соғылды. 95-минутта Калеб Ийренки гол соқты, оған Брэндон Томас-Асанте пас берді.

Матчтың көп бөлігінде командалар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Панама бірінші таймда қауіпті команда болып көрінді, қақпашы Бенджамин Асаре бірнеше рет өз командасын құтқарып қалды.

Үзілістен кейін панамалықтар қарсылас қақпасына қысым жасауды жалғастырды, бірақ есеп аша алмады. Екінші таймда Гананың бас бапкері Карлуш Кейруш футболшыларды бірнеше рет ауыстырып, шабуыл сызығын нығайтты.

Шиеленіс дәл соңында басталды. Томас-Асанте сол жақ қапталдан өтіп, айып алаңына пас берді, онда Йиренки гол соғып, командасына жеңіс пен үш ұпай әкелді.

Бұл гол Калеб Йиренкидің ұлттық құрама үшін соққан алғашқы голы болды.

Бұған дейін Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының науқанын сәтті бастап, Хорватияны 4-2 есебімен жеңген болатын.