Бұл топта Испания құрамасы үшінші кездесуде Уругваймен кездескен еді. Алғашқы екі турда небәрі төрт ұпай алған испаниялық футболшылар өз тобында бірінші орын алуға тырысты.
Десе де кездесу барысында қос құрама тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты.
Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 42-минутта испаниялық Алекс Баяна соқты.
Осылайша Испания қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде Кабе-Верде мен Сауд Арабиясы жасыл алаңға шықты. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Нәтижесінде бұл топта Испания бірінші орын алса, екінші орынға Кабо-Верде ие болды. Екі құрама плей-офф сатысына берілетін екі жолдамаға қол жеткізді.
Ал Уругвайдың еншісінде небәрі 2 ұпай бар. Сондықтан олардың плей-офф сатысына шығу мүмкіндігі төмен.
Сондай-ақ екі ұпай жинаған Сауд Арабиясы да төртінші орынды місе тұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Франция Норвегияны ірі есеппен жеңді.