Футболдан ӘЧ-2026: Мексика топтық кезеңде ұпай жоғалтқан жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында А тобында үшінші тур ойындары мәресіне жетті.

Фото: Fifa.com

Бұл Мексика құрамасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайдан шашау шығарған жоқ. Олар соңғы турда Чехиямен шеберлік байқасқан еді.

Кездесу барысында мексикалық Матео Чавес 55-минутта есеп ашса, одан кейін Хулиан Киньонес 61, Альваро Фидальго 94-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша мексикалық футболшылар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, өз тобында бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты.

Тағы бір кездесуде Оңтүстік Африка құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді. Кездесу тағдырын шешкен Тхапело Масеко 63-минутта соқты. Бұл жеңістен кейін африкалық құрама өз тобында 4 ұпаймен екінші орын алып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал топтық кезеңде үш ұпай еншілеген Оңтүстік Корея әзірге плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін әлі толық шеше алған жоқ. Ол өзге топтардағы құрамалардың турнир кестесіндегі жағдайына байланысты анықталады.

Айта кетсек, бұдан бұрын В және С топтарында үшінші тур ойындары аяқталды.