Футболдан ӘЧ-2026: Бразилия Шотландияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңді.

Футболдан ӘЧ-2026: Бразилия Шотландияны жеңді
Фото: FIFA

Ойын «Хард Рок Стэдиум» стадионында өтті.

«Пентакампеондар» сапында Винисиус дубль жасап, 7 және 45+3 минуттарда гол соқты. Ойынның 60-минутында Матеус Куньяның қақпаға бағыттаған добы мүлт кетпеді.

Осылайша, Бразилия құрамасы С тобында 7 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Шотландия құрамасы 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Матчқа халықаралық санаттағы мексикалық төреші Сесар Рамос қазылық етті.

Айта кетейік, Швейцария Канаданы жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.