Бұл топтағы екі ойынның бірінде Тунис пен Нидерланд шеберлік байқасты. Алғашқы екі турда бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмаған африкалық футболшылар сол олқылықтың орнын толтыруға тырысты. Соған қарамастан олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Есесіне өз қақпасына жылдым екі гол жіберіп алды.
Ойынның 3-минутында тунистік Эллиес Скири автоголдың авторы атанса, 7-минутта нидерландтық Брайан Бробби басымдықты арттыра түсті.
Ал 54-минутта африкалық құрамадан Хазем Мастури есепа йырмасын қысқартса, Нидерланд сапынан Ян Паул ван Хекке 62-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Роналд Куманның шәкірттері 7 ұпаймен өз тобында бірінші орынға табан тіреп, плей-офф сатысына шықты.
Бұл топтағы тағы бір кездесуде Жапония мен Швеция 1:1 есебіне қанағат білдірді.Нәтижесінде Жапония екінші, Швеция үшінші орынға табін тіреді.
Енді 26 маусымда G, H және I топтарында үшінші тур ойындары өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Эквадор Германияны жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.