Футболдан ӘЧ-2026: Түркия плей-офф сатысынан тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында D тобында үшінші тур ойындары мәресіне жетті.

Фото: Fifa.com

Арда Гюлер және Кенан Йылдыз секілді жұлдыздары бар Түркия құрамасы биылғы доп додасын сәтсіз өткізді. Алғашқы екі турда бірде-бір ұпай ала алмаған олар үшінші турда жанкүйер алдында жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. 

Түркиялық футболшылар АҚШ құрамасымен кездесуде қарсылас қақпасына үш гол соғып, өз қақпасына үш гол жіберіп алды. Кездесу барысында Солтүстік Америка құрлығының өкілдері алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Остон Трасти 3-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.,

Одан кейін түркиялық Арда Гюлер 10, Барыш Алпер Йылмаз 31-минутта мергендік танытса, 49-минутта АҚШ сапынан Себастьян Берхалтер таразы басын теңестірді.

Ойынның 98-минутында түркиялық Каан Айхан қорытынды есепті белгіледі. 

Осылайша қарсыласынан 3:2 есебімен басым түскен Түркия өз тобында 3 ұпаймен төртінші орынды місе тұтты. Салдарынан олар плей-офф сатысынан тыс қалды.

Тағы бір кездесуде Парагвай мен Аустралия 0:0 есебіне қанағат білдірді. 

Бұл топтан АҚШ 6, Аустралия 4 ұпаймен плей-офф сатысына шықса, 4 ұпаймен үшінші орында тұрған Парагвайдың да әлі жарысты жалғастыратын мүмкіндігі бар.

Енді 26 маусымда G, H, I топтарында үшінші тур ойындары өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нидерланд Тунисті жеңіп, өз тобында бірінші орын алды.