Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд Тунисті жеңіп, өз тобында бірінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында F тобында үшінші тур ойындары мәресіне жетті.

р
Фото: Fifa.com

Бұл топтағы екі ойынның бірінде Тунис пен Нидерланд шеберлік байқасты. Алғашқы екі турда бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмаған африкалық футболшылар сол олқылықтың орнын толтыруға тырысты. Соған қарамастан олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Есесіне өз қақпасына жылдым екі гол жіберіп алды.

Ойынның 3-минутында тунистік Эллиес Скири автоголдың авторы атанса, 7-минутта нидерландтық Брайан Бробби басымдықты арттыра түсті.

Ал 54-минутта африкалық құрамадан Хазем Мастури есепа йырмасын қысқартса, Нидерланд сапынан Ян Паул ван Хекке 62-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Роналд Куманның шәкірттері 7 ұпаймен өз тобында бірінші орынға табан тіреп, плей-офф сатысына шықты.

Бұл топтағы тағы бір кездесуде Жапония мен Швеция 1:1 есебіне қанағат білдірді.Нәтижесінде Жапония екінші, Швеция үшінші орынға табін тіреді.

Енді 26 маусымда G, H және I топтарында үшінші тур ойындары өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Эквадор Германияны жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.