АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде В тобында АҚШ және Уэльс құрамалары тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында құрамалар тең деңгейде ойын көрсетті. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуылдар ұйыдастырды.
Нәтижесінде 36-минутта АҚШ құрамасынан Тимоти Веа есеп ашты. Ол белгілі футболшы, қазір Либерияның Президенті Джорд Веаның туған ұлы.
Уэльс футболшылары таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірінші кезеңде ойлаған мақсатына жете алған жоқ.
Ал 82-минутта уэльстік Гарет Бейл пенальтиден гол соғып, осылайша ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Англия құрамасы Иранды ірі есеппен жеңді.
Сондай-ақ, А тобындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
Енді бүгін, 22 қарашада С тобында Аргентина - Сауд Арабиясы, Мексика - Польша, D тобындағы Дания - Тунис, Франция - Австралия құрамалары кездеседі.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.