Футболдан ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Беларусьпен ойнайды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Беларуське қарсы өткізеді.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.

Қазақстандық футболшылар жарыстың бұл кезеңінде Армения мен Беларусьпен шеберлік байқасады. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.

Жақында ұлттық құрама тізгінін қолына алған отандық маман Бегайым Қырғызбаева алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.

Қазақстан әйелдер құрамасы

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).

Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастап, Арменияны ірі есеппен жеңді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастады.