Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттары да тікелей көрсетілім таратады, сондай-ақ «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көруге болады.
Айта кетсек, XXII әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласының 8 стадионында өтеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, FIFA Қатарда өтетін әлем чемпионатының ашылуын 20 қарашаға жылжытқан болатын. Қабылдаушы ел Қатар Эквадормен жексенбі, 20 қараша күні сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) кездеседі.
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды .
Фото: sports.kz