АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 9 сәуір күні басталады.
Доп додасында 14 команда бақ сынайды. Алғашқы тур ойындары 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.
Бірінші турдың ойын кестесі:
«Оңтүстік Академия» (Шымкент) – «Алтай» (Өскемен)
«Тараз» (Жамбыл) – «Жетісай» (Түркістан облысы)
«Каспий» (Ақтау) – AKAS (Алматы)
«Түркістан» (Түркістан) – «Шахтер» (Қарағанды)
«SD Family» (Астана) – «Қайрат Жастар» (Алматы)
«Хан тәңірі» (Алматы) – «Ақтөбе Жастар» (Ақтөбе)
«Ертіс» (Павлодар) – «Екібастұз» (Павлодар облысы)
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.
Айта кетсек, бүгін футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіне қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.