Футболдан бірінші лигада 27-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Kazinform.
Көш басында тұрған семейлік «Елімай» сырт алаңда «Қайрат-Жастар» командасымен кездесті.
Алғашқы кезеңде семейлік футболшылар алаң иелері қақпасына екі гол соғып үлгерді. Оған алматылық клуб екі голмен жауап берді. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Тағы бір ойында «Оңтүстік академиясы» өз алаңында «Хан тәңірі» клубына 1:4 есебімен жол берді.
Сондай-ақ 24 қазанда «Астана-2» «Түркістаннан» 2:5, «Жас Қыран» «Тұран» 1:2 есебімен жеңілсе, «Ақжайық» «Ақтөбе-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал «Арыс» пен «Екібастұз», «Жеңіс» пен «Қыран» 1:1 есебімен тең түсті.
Енді 25 қазанда «Оңтүстік академиясы» мен «Хан тәңірі», «Қайрат-Жастар» мен «Елімай» командалары кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.