Футболдан бірінші лигада үшінші орын кімге бұйырады

футбол
Фото: pixabay.com

Футболдан бірінші лигада үшінші орын алған команда соңғы турда анықталады, деп хабарлайды Kazinform.

Әзірге мұндай мүмкіндікке елордалық «Жеңіс» пен оралдық «Ақжайық» ие болып отыр.

Соңғы турда «Жеңіс» сырт алаңда Шымкенттің «Қыран» командасымен шеберлік байқасты. Кездесу барысында алаң иелері қатарынан Айдын Өксікбаев 35-минутта есеп ашса, елордалық клубтан Тамаз Макацария 45-минутта таразы басын теңестірді.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал «Ақжайық» өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ойын барысында алаң иелерінен Бауыржан Омаров 45, Мирам Сапанов 63, Николай Агапов 72-минутта мергендік танытса, ақтөбелік Аян Байдәулетов 74-минутта есеп айырмасын қасқартты.

Бұл турда «Астана-2» «Түркістаннан» 2:5, «Жас Қыран» «Тұран» 1:2 есебімен жеңілсе, «Арыс» пен «Екібастұз» 1:1 есебімен тең түсті.

Енді 25 қазанда «Оңтүстік академиясы» мен «Хан тәңірі», «Қайрат-Жастар» мен «Елімай» командалары кездеседі.

Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасы 25-турының үздік ойыншылары мен жаттықтырушылары анықталды.

Соңғы жаңалықтар