Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» «Екібастұзды» ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада 17-туры мәресіне жетті.

Екінші ойын күні, 8 тамызда қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Павлодар облысының «Екібастұзын» (Павлодар облысы) 4:0 есебімен жеңсе, Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда алматылық AKAS клубынан 5:2 есебімен басым түсті.

Ал өз алаңында «Тараз» «Түркістанды», Түркістан облысының «Жетісайы» алматылық «Хан Тәңірін» 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, 7 тамызда өскемендік «Алтай» «Каспийін» 5:1, Шымкенттің «Академия Оңтүстігі» елордалық «SD Family» командасын 5:2 есебімен жеңсе, «Қайрат-2» (Алматы) мен «Ақтөбе-2» командалары 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турдан кейін «Каспий» 41 ұпаймен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы «Ертістің» 39, «Алтайдың» 38, «Шахтердің» 35 ұпайы бар.

Енді алдағы тур ойындары 14 және 15 тамыз күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» қатарынан он үшінші рет жеңіске жетті.