Футболдан чемпиондар лигасы: Плей-оффқа шыққан бірқатар команда анықталды

Фото: Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл жолы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар шеберлік байқасты.

Жарыстың аталған күнінде плей-офф сатысына жолдама алған командалар анықталды. Олардың қатарында «Атлетико Мадрид», «Лацио», «Боруссия Дортмунд», «Манчестер Сити», «РБ Лейпциг» бар.

E тобы: «Лацио» (Италия) – «Cелтик» (Шотландия), есеп – 2:0, «Фейенорд» (Нидерланд) – «Атлетико Мадрид» (Испания), есеп – 1:3.

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) –1:1, «Милан» (Италия) – «Боруссия Дортмунд» (Германия) – 1:3.

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) – «РБ Лейпциг» (Германия) – 3:2, «Янг Бойз» (Швейцария) - «Црвена Звезда» (Сербия) – 2:0.

H тобы: «Шахтер Донецк» (Украина) – «Антверпен» (Бельгия) – 1:0 , «Барселона» (Испания) – «Порту» (Португалия) – 2:1 .

Енді бүгін, 29 қарашада А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар төртінші тур ойындарын өткізеді.